Келес тұрғыны үйін шағын «емханаға» айналдырып, дәрі-дәрмекті қымбатқа сатып келген
Келес аудандық полиция бөлімі және аудан прокуратурасының қызметкерлері бірлесіп, қымбат бағада заңсыз дәрі-дәрмек сатудың алдын алу мақсатында тексеру жүргізді. Іс-шара барысында Ынтымақ ауылының тұрғыны үйінен заңсыз ем қабылдау бөлмесін ашқаны анықталды. Ол келген науқастарға жоғары бағада дәрі-дәрмек препараттарын сатып, онымен қоса дәріні егіп берген.
Тәртіп сақшылары анықталған заңсыз ем қабылдау орнынан айғақ ретінде көп мөлшерде «Аскорбин қышқылы», «Пирацетом», 5 мл шприц 100-дана, «Новокоин дарница», «Амбробено», «Супрастин», «Бетперде», «Мақта», «Натрий хлориді», «Глюкоза», «Аналгин», «Цианокобаламин», «Кальций глюканат», «Дематон», «Метрид», «Диклофенак Акос», «Лидокаин», «Демотон Б-Нео», «Дексаметазан», «Амоксицилин», «Ампицилин», «Рибокцин», «Эссенциалин», «Алоэ экстрант», «Система», «Кальций хлорид», «Терафлю», «Тайлол хот», «Трентал», «Актовегин» дәрілерін алды.
Тергеу барысында тұрғын дәрі-дәрмек препараттарын қымбат бағада сатқанын мойындады.
Аталған жайт тіркеліп, заңдылығын тексеру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасына жолданды.