2027 жылдың 1 тоқсанынан бастап Cathay Pacific әуе компаниясы тікелей рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Кездесуге Cathay Pacific компаниясының клиенттермен жұмыс және коммерциялық мәселелер жөніндегі директоры Лавиния Лау да қатысты.
— Әуе тасымалдаушысының жоспарына сәйкес, ұшулар Airbus A330-300 кең фюзеляжды әуе кемелерімен аптасына үш рет жиілікпен жүзеге асырылады. Жаңа бағыт Гонконг пен Қазақстан арасындағы жалғыз тікелей әуе қатынасы болмақ, — деп хабарлады ведомстводан.
Cathay Pacific — Гонконгтың флагмандық әуе компаниясы. Ол Гонконг халықаралық әуежайында орналасқан және әлем бойынша 200-ден астам бағытқа тұрақты жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады.
— Рейстердің ашылуы Қазақстан, Гонконг және Азия-Тынық мұхиты аймағы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік байланыстарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ елдің халықаралық маршруттық желісін кеңейтуге ықпал ететін болады, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадан Үрімжіге қатынайтын қосымша әуе рейстерінің саны артқан болатын.