Келесі жылдан бастап Рудныйда жылу тарифі арзандайды

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Жергілікті жылу компаниясы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызға дейін жылу энергиясы тарифтерінің төмендейтіні туралы хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігінің тілшісі.

Рудный жылу желілері мәліметтеріне сәйкес, жылу энергиясын есептегіш құралдармен қамтылған тұрғындар үшін тариф 4,3%-ға төмендейді, қалған тұтынушылар үшін — 1,0%, ал есептегіш құралдары бар бюджеттік ұйымдары үшін — 14,9%-ға төмендейді.

Сонымен қатар, Качар ауылының тұрғындары үшін тарифтер 2025 жылғы деңгейде сақталады.

Толық ақпаратты кәсіпорынның ресми сайтынан алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту бағытында шаралар топтамасын қабылдаған еді. Олардың арасында бензин, дизель отыны, коммуналдық қызметтер және басқа да қызметтер бағасын көтеруге мораторий енгізу сияқты шешімдер бар.