— Расымен де фельдшерлер мәселе көтеріп жатыр. Әсіресе, өткендегі жағдайдан кейін. Денсаулық сақтау министрлігі осы жылы жедел жәрдем жүйесіне қосымша 5 млрд теңгедей қаражат бөлді. Келесі жылы да жалақыларын көтеру үшін ережелерге өзгертулер енгізу мәселесі талқыланып жатыр, — деді вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның айтуынша, фельдшерлердің жалақысы қанша пайызға өсетіні бюджеттен бөлінетін қаражатқа байланысты болмақ.
— Келесі жылы фельдшерлердің жалақысын көтеру үшін қосымша 10 млрд теңгедей қаражат керек, — деді Тимур Сұлтанғазиев.
Айта кетейік, бұған дейін Шу, Теміртау және Талдықорған қалаларының фельдшерлері Денсаулық сақтау министріне үндеу жолдап, төмен жалақы мен ауыр еңбек жағдайына назар аударуды сұраған еді.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем қызметкерлерін қосымша өзін-өзі қорғау бұйымдарымен қамтамасыз ету бойынша шара қабылдауды ойластырып отырғанын жазған едік.