— Негізінде ақылы бөлімде білім алу құнын белгілеу жоғары оқу орындарының құзіретіне кіреді. Дегенмен, әдетте өкілетті орган жоғары оқу орындарына ағымдағы экономикалық ахуалды ескеріп барып оқу құнын белгілеуге ұсыныс береді. Егер осы жылды алар болсақ, оқу құны өткен жылмен салыстырғанда 5-7 пайыз шамасында ғана көтерілді, — деді Гүлзат Көбенова.
Оның айтуынша, ақылы оқу ақысына қатысты жоғары оқу орындарына берілетін ұсыныстар әзірге Ғылым министрлігінде талқыланбаған.
Бұған дейін еліміздегі ЖОО-ларда оқу ақысы қанша тұратынын жазған едік.