Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, лагерь бағдарламасы аясында балалар ұлттық тарих пен мәдени мұраны танып-біліп, қазақ тілін интерактивті форматта меңгеріп жатыр. Сонымен қатар IT және дрондарды басқару негіздерімен танысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік сабақтарға қатысады.
Күн сайынғы бағдарлама таңғы жаттығудан басталып, танымдық сабақтармен, шығармашылық жұмыстармен және түрлі квесттермен жалғасады.
Педагогтердің айтуынша, лагерь оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жаңа қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, еліміздегі «Келешек мектептері» жанындағы жазғы лагерьлерде балалардың демалысын мазмұнды ұйымдастыру жолға қойылған. Бағдарламалар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және заманауи дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Осыған дейін елорда маңындағы 2026 жылғы жазғы демалыс аймақтарындағы бағалар туралы жаздық.