Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы қарашаның 25-26-сында Беларус Республикасына жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылатын аталған іс-шара шеңберінде «Классик-авангард» жеке орындаушылар ансамблінің концерті, қазіргі заманғы беларусь кескіндемесінің көрмесі және беларусь киносының күндері жоспарлануда.
Беларус Республикасының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы
қыркүйектің 6-сында сағат 19.00-де К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында өткізіледі.