«Алдағы аптаның бірінші күндері Қазақстанның басым облыстарында ауа райы тұрақсыз болады. Қар жауып, бұрқасын болады, жел күшейеді. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі. Астана қаласында 26, 27 қаңтарда бұрқасын, қардың жаууы күтіледі. 28-31 қаңтар аралығында жауын-шашынсыз болады. Бірақ, түнде ауа температурасы -30- 35°C шамасында, күндіз -20-22°C градус шамасында болады.
28 қаңтардан бастап ауа райының тұрақталуы күтілуде. Десе де, кең алқапты антициклон өзімен бірге ауа температурасының әдеттегіден -3-6°C градусқа төмендеуіне әкеледі. Сондықтан жүргізушілер алыс сапарға шықпас бұрын ауа райының қолайсыздығын ескерсе екен», -дейді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Мөлдір Есқалиева.