Келесі аптада «Барыстың» бапкерлер құрамы анықталуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс»хоккей клубының жаңа президенті Асқар Шопобаевтың айтуынша, келесі аптаның аяғында команданың бапкерлер құрамы анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен өз қызметіме кеше ғана кірістім. Әрине, ой-бастамалар бар. Алдымен барлық тараптарды тыңдап, бәрін зерделеп шығуым қажет. Қазіргі кезде бапкелер құрамы мен ойыншылар бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Меніңше, келесі аптаның аяғына дейін тиісті ақпаратты ұсынатын боламыз», - деді Шопобаев бүгін журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Құрлықтық xоккей лигасының соңғы чемпионатында «Барыс» xоккей клубы плей-офттың екінші айналымына дейін жеткен болатын. Бірақ «Металлург» командасынан ұтылды. Ал әлем чемпионатынан кейін «Барыс» пен ұлттық құраманың бас бапкері, беларус маманы Эдуард Занковец қызметінен кететінін мәлімдеді. Себебі Қазақстан құрамасы ойдағыдай өнер көрсете алмай, элиталық дивизионға өте алмады .  Кеше клубтың президенті Александр Корешковтың орнына Асқар Шопобаев тағайындалды. Осы қызметпен бірге ол Қазақстан құрамасыныңбас менеджерлігін де атқарады.