«Қыркүйектің 2-сінде селекторлық кеңес режимінде өтетін Үкімет отырысында бір-бірімен байланысты екі мәселені талқылайтын боламыз. Мұның біріншісі, білім және ғылым саласын дамыту бағдарламасы, ал екінші мәселе бойынша мен барлық әкімдерден мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігі барысын тыңдайтын боламын», деді Үкімет басшысы.
К. Мәсімов Байланыс және ақапарт министрлігіне жергілікті және өңірлік БАҚ-тарда жарияланған мектепке қатысты проблемалық мақалаларды саралауды жүктеді. «Егер, қыркүйектің 2-сіне дейін мектептердің жаңа оқу жылына қатысты проблемалары анықталса, біз кімнің неге жауап беруге тиістігін келіскенбіз», деді К. Мәсімов.