Келесі аптада жел, аяз және боран күтіп тұр

None
АСТАНА. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат – Алдағы аптада ауа райы қатты өзгере қоймайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап. Еліміздің батысында аптаның екінші жартысында қар жауып, боран соғады деп күтілуде, оған қоса көктайғақ та болады. Түнде 3-8, кей жерлерде 12 градустан 15-20-ға, кей жерлерде 25 градусқа дейін суытса, күндіз температура 2 градус суықтықтан 3 градус жылылық аралығында болады, кей жерлерде 8-13, 18 градус аязға дейін төмендейді. Солтүстік өңірде аптаның басында және екінші жартысында қар жауады, боран тұрады, батыстан қатты жел соғады, аптаның ортасында ғана аспан ашық болады. Ауа температурасы түнде 15-20 градустан 22-27-ге, кей жерлерде 32 градусқа дейін төмендесе, күндіз 10-15-тен 13-18, кей жерлерде 22 градусқа дейін барады. Аптаның екінші жартысында аяздың беті қайтып, түнгі ауа райы 12-17 градус, күндіз 8-13 градус шамасында болады. Орталық облыстарда аптаның екінші жартысында қар жауып, боран соғады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде 8-13, кей жерлерде 17 градус аяздан 20-25 градусқа дейін төмендесе, күндіз 3-8, кей жерлерде 12 градустан 10-15 градусқа дейін суытады. Шығыста аптаның басым бөлігінде күн аязды болады. Аптаның басы мен соңында қар жауып, жел күшейеді. Аптаның басы мен соңында ауа температурасы 13-18, кей жерлерде 23 градус аязды көрсетсе, күндіз 5-10 градус, кей жерлерде 15 градус аязды шамалайды. Аптаның ортасында 28-33, кей жерлерде 37 градус аяз болса, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік облыстарда аптаның бірінші жартысында аздап жауын-шашындатуы мүмкін, тұман түсіп, көктайғақ болады. Аптаның қалған күндері аспан ашық. Температура түнде 3-8, кей жерлерде 13 градус аязды шамалайды. Ал күндіз ауа райы 2-7 градус жылылықтан, кей жерлерде 2-7 градусқа дейін төмендеп, күн суытады. Соңынан күн қайта жылиды.