Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның хабарлауынша, шілденің 26-сы күні Елбасы қол қойған Жарлыққа сәйкес, тамыздың 1-нен бастап Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметі толығымен Ішкі істер министрлігіне көшуі тиіс. «Осыған орай қазіргі кезде ғимараттар, техникалық құрал-жабдықтар, автокөліктер және қызметтік құжаттарды тапсыру бойынша тиісті ұйымдастыру жұмыстары атқарылуда. Бұл іс-шараларды қыркүйектің 15-сіне дейін аяқтау жоспарланып отыр», - дейді Н.Ораз.