деп хабарлады Еуропарламенттің баспасөз қызметінен.
Дауыс беруден бір күн бұрын, Баррозу парламентшілермен бірге жаз айларында дайындаған өзінің алдағы жұмыс жоспарын талқылайды. Қазіргі уақытта Еурокомиссия басшылығына балама кандидатура жоқ. Дауыс беру барысында, Баррозу 50 пайыздан астам дауыс алуы тиіс (736 депутаттың 369-ының дауысын алуы керек).
Бұған дейін Баррозудың кандидатурасына Еуроодаққа мүше барлық елдердің басшылары мен үкімет басшылары қолдау білдірді. Сондай-ақ, оны Еуропарламенттегі ең үлкен фракция - 264 депутаттық орынға ие Еуропалық халықтық партия қолдап отыр.