Отырыс барысында 2016, 2017 және 2018 жылғы маусымда кәсіпқой футбол клубтары арасындағы жарыстарды өткізу құқығы Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасына берілді. Сондай-ақ, келесі маусымнан бастап Премьер-лига клубтары қазақстандық футболдың түлектері саналмайтын 8 футболшыны ғана тіркей алады. Олардың алтауының алаңға шығуға құқығы бар. Сонымен қатар, Лига Кеңесінің ұсынысы бойынша Бірінші лига клубтарына қазақстандық футболдың түлегі саналмайтын 3 футболшыны қосу ұсынысы бекітілді. 2016 жылғы маусымда Премьер-Лига клубтарында жас ойыншылардың (лимитчик) ойынға қатысуы міндетті емес. Алайда, матч хаттамасында міндетті түрде екі жас футболшы тіркелуі керек. Бірінші лигада 3 жас футболшы (лимитчик) қатысуы тиіс.
Бұған қоса «Қазақстан Республикасы футбол клубтарын сертификациялау ережесі мен УЕФА клубтық турнирлеріне қатысатындар үшін қаржылық «Фэйр - плей» ережесі және «Делдалдармен жұмыс бойынша ҚФФ ережесі» бекітілді.
Сонымен қатар, қазақстандық футболды дамытудың басқа да өзекті сұрақтары талқыланды.