«Концерттегі барлық музыка менің талғамыма сай таңдалып алынды. Репертуарым көп. Сондықтан, бұл менің соңғы мерейтойлық концертім болуы мүмкін деген ойдың өзі адамды бар ықыласымен, бар жан-тәнімен дайындалуға итермелейді екен», - деп атап өтті В. Кикабидзе.
Әншінің айтуынша, жуырда Израильде концерт қойып қайтқан.
«Израильдің 5 қаласында концерт беріп келдік. Кеше Алматыда қойдық. Ал Астанадан кейін Әзірбайжанға аттанамыз», - дейді атақты әнші.
Айта кетейік, В. Кикабидзенің концерті 18 мамыр күні «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.