АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның – бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турниріндегі алғашқы жеңісінен кейін келесі бәсекенің оңайға түспейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисшінің сөзіне қарағанда, 16 жастағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен алғаш рет кездескен.
«Бастапқыда корт пен қарсыласымның ойын стиліне бейімделу керек болды. Маған аздаған төзімділік жетіспеді. Бірінші партияның соңына таман өз ойынымды таптым. Екінші айналымда Носковамен матч күтіп тұр. Ол – болашағы бар ойыншы, өткен жылдан бері Линда тым-тәуір нәтижелер көрсете бастады. Ролан Гаррос жарысында Чехиядан келгендер өте көп. Чехиялық теннис мектебі қашанда өте мықты. Сондықтан жеңіске жету оңай болмайды», –деді Е.Рыбакина Б.Фрухвиртовамен ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Ролан Гарростың алғашқы айналымында жеңіске жеткен Юлия Путинцевадан сұхбат алған едік.
Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінде жеңіліп қалды.
Елена Рыбакина Ролан Гаррос жарысын жеңіспен бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).