«Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлері Президенттің Сайлау жөніндегі шешімін толық қолдайды. Бұл туралы Ардагерлер ұйымының Орталық кеңесінде де үндеу жарияладық. Қалалық ардагерлердің президиумын жинап, тағы да сөйлестік, ақылдастық. Бұл енді дәл қазіргі уақытта өте қажетті шешім. Өйткені, елімізге тұрақтылық керек», - деді С. Есілов.
Оның айтуынша, жаңа Президент Қазақстандағы әлеуметтік мәселелерге жете мән беріп, Елбасы бастамаларын жалғастыруы тиіс.
«Бірінші жаңа Президент Елбасының бастамаларын аяқтау үшін, тұрақтылық үшін сайлаудан өтіп, халықтың сеніміне ие болып, Елбасы саясатын әрі қарай жалғастырады деген үміттеміз. Екіншіден, еліміздің экономикасын дамытып, әлеуметтік салаларды дамытып, Нұр Отан съезінде жарияланған бастамаларды аяғына дейін жеткізсін», - дейді Сансызбай Есілов.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінің толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.