Келесі жұмада Атырау облысының әкімі елордада баспасөз мәслихатын өткізеді

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Келесі жұмада Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов елордада баспасөз мәслихатын өткізеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев айтты.

Аталған өңірдің басшысы брифинг барысында облыстың ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндайды. Баспасөз мәслихаты алдында Атырау облысының әр саладағы жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылады.