«Қазагроның» құрамында үш компания ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қаржыландырады. «ҚазАгрофинанс», «Аграрлық несиелік корпорация» және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры. Осы үш ұйымның бәрі де облыс орталықтарында филиалдарын ашқан. Одан төменгі деңгейде біз несиелік серіктестіктер арқылы несие береміз»,-деді «ҚазАгро» филиалдарының санына тоқталған ол.
Брифинг барысында Н.Маленов биыл егін ору науқанын қаржыландыру үшін «ҚазАгро» 60 млрд теңге бөлгенін айтқан болатын. Биыл бұл қаржы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 5 пайыз, банктерге 7,41 пайызбен таратылған екен. Келесі жылдан бастап пайыздық қайтарым көлемі азайтылмақ.
«Биыл 60 млрд теңге берілді. Оны мынандай бағытта бөлдік. Бірінші бағыт - қаржыны екінші деңгейлі банктер кооперативтерге береді, екінші бағыт - қаржыны өзіміздің еншілес мекемелер арқылы бердік. Қазіргі берген ставкаларымыз - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 5 пайыз. Банктерге 7,41 пайыз. Бірақ, қазір Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге келесі жылға баға қалыптастыру мәселесін қарастырдық. Келесі жылы пайыздар төмендетіледі»,-деді Н.Маленов.
13:52, 22 Шілде 2016
Келесі жылдан бастап «ҚазАгро» несие пайызын азайтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» холдингі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі келесі жылы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілетін несиенің пайызын азайтпақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатыса отырып, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов мәлім етті.