«Келесі жылдан бастап 4 типті вакциналау енгізіледі. Яғни тағы бір В типіндегі штамм қосылады. Оның ерекшелігі, мәселен, қазіргі таңда вакцина 1,5 см тері астына жіберілсе, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолданысқа енгізген 1,5 мм-лік шприц арқылы дәрі тері астына егіледі», - деді ол.
Оның атап өтуінше, тері астына вакцина еккен кезде дендральды жасушаға жіберілген антиген тез тарап, имунитетті жылдам күшейтеді. «Бұл 21 ғасырға сай дайындалған вакцина», - деді Ж.Бекшин.
Ата кетеййік, қазіргі уақытта зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша республикада А/Н3N2, В, А/H1N1 типіндегі маусымдық тұмаудың және тұмау емес вирустар анықталған.