Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазіргі уақытта бұл құжатты қазақстандықтар 30 күннің ішінде ала алады, жүйе автоматтандырылғаннан кейін бұл мерзім 15 күнге дейін қысқарады. Бұдан өзге, мемлекеттік деректер қорында бар ақпараттар бойынша бірқатар анықтамалар мен куәліктерді ұсынудың қажеті болмайды. Атап айтқанда, жеке куәлік пен СТН, ЖК немесе заңды тұлғаның тіркелгені туралы куәлік, т.б. құжаттардың көшірмелері талап етілмейді. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық өзара ықпалдасуына орай қажетті құжаттар қолжетімді болып отыр.
Бұдан өзге, лицензияның көптеген түрлері мен рұқсаттамалар үшін құжаттардың скан көшірмелерін тапсырудың қажеті болмайды. Оның орнына өтінім беруші «www.elicense.kz» порталында көрсетілген тиісті мәліметтер үлгісін толтырса жеткілікті. Порталды қолданушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қою арқылы өзі туралы және өзге де мәліметтерін растайды.
Мысалы, келесі жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасын әзірлеуге лицензияны «www.elicense.kz» электрондық лицензиялау порталы арқылы алу үшін лицензиар-органға құжаттар тапсырудың қажеті болмайды.
Айтып өту керек, министрлік аталған жұмыстарды Мемлекет басшысының ағымдағы жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызға ие мемлекеттік қызмет көрсетулердің 60 пайызын және лицензиялардың барлық түрін электрондық нұсқаға көшіру туралы тапсырмасын іске асыру аясында өткізуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылы лицензияның барлық түрлері мен рұқсат беру құжаттарының 80 түрін электрондық нұсқаға көшіру көзделуде.