Оның айтуынша, жуық арада Үкімет елімізді газбен қамтамасыз етудің 2030 жылға дейінгі бас сызбанұсқасымен таныстырады.
«Жуық уақытта мен елімізді газбен қамтамасыз етудің 2030 жылға дейінгі бас сызбанұсқасын күтіп отырмын. Келесі жылдан бастап біз жыл сайын 1600 елді мекенді газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде 12 млн адам газбен қамтылады деп күтудеміз. Бұл біз үшін өте маңызды тапсырма болып табылады», - деп атап өтті Елбасы.