Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
Осы Хаттамаға орай, жоғарыдағы келісімнің 6 және 7-баптарына өзгерістер енгізу көзделген. Оған сәйкес, Қазақстанға мұнай өнімдерін жеткізу мәселесі Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін екі мемлекеттің аумақтарында мұнай өнімдерінің бекітілген индикативтік баланстарының параметрлері көлемінде тараптардың құзыретті органдарымен келісілген номенклатура бойынша жүргізіледі. Бұдан бөлек, хаттамаға енгізілетін өзгерістер 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін мұнай өнімдерінің ішкі нарығын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар мұнай-химия зауытына Ресей мұнайының және Ресей өндірген ашық түсті мұнай өнімдерінің кепілді түрде жеткізілуіне ықпал ететін болады.