«Республикалық жолдар жүйесіне келер болсақ, келесі жылы біз шамамен 2,3 мың км жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде негізгі назар халықаралық дәліздерді одан әрі жаңғырту, жөндеу жұмыстары биыл басталған «Астана-Павлодар», «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» автожолдарына аударылатын болады. Осы тұста «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралі туралы айтар болсақ, 2013 жылы әуелде жоспарланғандай 806 километр бойында қозғалыс ашылды», - деді министр.
16:24, 26 Желтоқсан 2013
Келесі жылы 2,3 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған - көлік министрлігі
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Келесі жылы 2,3 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев айтты.