«Өткен жылы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу аудандарының 329 көшесіне жарық жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл коронавирус індеті мен карантиндік режимге байланысты бұл жұмыс белгіленген мерзімнен кештеу, яғни 1 шілдеден басталды. Бұл аудандарда 157 көшеге жарық жүйесін орнатамыз»,– деп жазды Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram –дағы парақшасында.
Сонымен қатар, ол бүгінгі күні көшелердегі жарық жүйесінің деңгейі 71% –ды құрайтынын атап өтті.
«Жалпы көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қаланың барлық аудандарының 2024 көшесіне жарық жүйесін орнату қажет. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз»,–деп жазды Әсет Мұқажанов.