Келесі жылы салық қызметінің бірқатар сұранысты қызметтері www.egov.kz арқылы ұсынылатын болады - А.Жұмағалиев

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Келесі жылы Салық комитетінің бірқатар сұранысты қызметтері электрондық үкіметтің порталы (www.egov.kz) арқылы ұсынылатын болады.

Бұл туралы Қызметтерді автоматтандыру және бизнес-үрдістерді оңтайландыру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысынан кейін Twitter-дегі шағын блогында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі күні www.egov.kz арқылы салық қарызының барлығы немесе жоқтығы жайлы анықтама алуға болады.