Келімбетов «Астана» ХҚО-ның серіктестігі болатын әлемдік деңгейдегі биржа атын құпия ұстауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның банк секторындағы «нашар» несие корпоративті басқарудағы проблемалар. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Қазақстандық қор нарығына халықаралық капитал тарту» халықаралық конференциясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандағы жекешеліндіру бюджеттегі проблеманы қандай да бір аймақты жабу емес. Жекешелендіру инвестиция тарту, біздің инвесторларымызды әртараптандыру үшін жасалып жатқан шара. Ең бастысы корпоративтік басқаруды жақсарту болып отыр. Біз корпоративтік басқару жайында көп айттық. Корпоративтік басқаруды барлығы да қағаз жүзінде жақсы түсінеді. Іс жүзінде корпоративтік басқару бұл өте байыпты сын. 2007-2008 жылдардағы дағдарыс та, қазіргі банк секторындағы «нашар» несиелер де корпоративтік басқарудағы проблемалар», - деп атап өтті Келімбетов.
 
Оның айтуынша, Қазақстанның банк секторындағы тәуекел-менеджмент халықаралық стандарттарға сай емес.

«Сондықтан да жаңа қор нарығының жұмысы мүлдем жаңа ережелерге негізделетін болады. Мамыр-маусым айында әлемдегі ең ірі биржалардың бірі «Астана» халықаралық қаржы орталығының серіктестігі болатындығы ресми жарияланады. Бұл биржа Еуразиялық экономикалық одақтағы, Орталық Азиядағы және «Жібек жолы» экономикалық белдеуіндегі ең жоғары технологиялық алаңда іске қосатын болады. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде. Коммерциялық себептерге байланысты ол биржаны әзірше құпия ұстап отырмыз», - деді «Астана» қаржы орталығының басқарушысы.