Бүгін журналистермен брифинг өткізген Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өміралиев осы мәселеге қатысты бірқатар фактілерді жария етті.
Оның деректеріне қарағанда, биылғы жылдың алғашқы жартысында-ақ шетелдіктер 726 қылмыс жасап, 60 мың рет әкімшілік құқық бұзған. Осыған қарай Бас прокуратура 2009 жылдан бастап осы күнге дейін түрлі қылмыстар жасаған 338 шетелдікті экстрадициялаған. «Мысалы, өз елінде 2009 жылдан бастап халықаралық іздеу жариялан Ресейдің Хабрахманов атты азаматы осы күнге дейін Қостанай облысында тұрып келген. Қостанай облысының көші-қон полициясының өкілдері оны ағасының құжаты бойынша тіркеген. Егер Хабрахманов еліміздің аймағында тағы бір мәрте ауыр қылмыс жасамағанда, бұл заң бұзушылық сол күйінде қала беруі де мүмкін еді»,-деді ресми өкіл.