Мамырдың 5-і мен 11-і аралығында өткен фестивальге исландиялық актриса Анита Брием бастаған қазылар алқасы төрелік етті, деп хабарлады «Қазақфильм» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен.
«Келін» фильмі «Үздік ойын фильмі» аталымында жеңімпаз атанды. Бұл аталым бойынша оның негізгі қарсыласы - режиссер Флориан Галленбергеннің (Германия) тарихи оқиғаға негізделген «Джон Рабе» фильмі болды. Ол - қытайлықтарды ажалдан құтқарушы үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған «Siemens» корпорациясының неміс директорының өмірі туралы баяндайтын драма.
Фестивальде үздік ойын фильмдерімен қатар, «Үздік деректі фильм», «Үздік қысқаметражды фильм» аталымдары да таныстырылды.