«Келинка Сабинаға» мұндай жылы және оң көзқарас болады деп күтпеген едiм - Нұртас Адамбай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ әртiсi, шоумен, режиссер және актер Нұртас Адамбай өзiнiң Фейсбуктегi парақшасында "Келинка Сабина" фильмiне қатысты халық ықыласы жайындағы ойларымен бөлiстi.

"Шынымды айтсам, "Келинка Сабинаға" мұндай жылы және оң көзқарас болады деп күтпеген едiм. Ол бiрiншi күннен бастап бүкiл ел бойынша толы зал көрермен жинап келедi. Әлеуметтiк желiлерде жақсы пiкiрлердiң санында шек жоқ. Жұрт өз отбасыларымен фильмге барып, залдан жақсы көңiл-күймен шығып жатқандары қуантады. Мен өзiмдi мақтап "қандай талантты жан едiм!" деуден аулақпын. "Жұлдыздану" - ақымақтардың iсi. Мен тек түсiрiлiм тобына, жобаға үлес қосқан адамдарға, отандық кинематографияны қолдап жүрген барлық көрермендерге және әрине, сол қызға рахметiмдi айтқым келедi. Кинодағы Алтыншаш айтқандай: "Рақмет саған, Сабина!", - дейді Н.Адамбай.

Айта кетейiк, "Келинка Сабина" Қазақстандағы кинопрокатта ең танымал фильмдердiң үздiк бестiгiне ендi және бiр аптаның iшiнде 110 миллионнан астам теңге жинап үлгердi.