Келісімді ратификациялау Қазақстан Республикасының қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергияны тиімді пайдалану және айдап әкетуден қорғау саласында доңғалақты көлік құралдарының, жабдықтау заттары мен бөлшектерінің жұмыс сипаттамаларына қатысты ғаламдық техникалық ережелерге қосылуына мүмкіндік береді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық заңнамаға осы Келісімде көзделген Атқару комитетінің мақсаттарын, рәсімдерінің қағидасын, техникалық ережелерге арналған критерийлерді, жаһандық техникалық ережелердің компендиумы мен тізілімін, енгізілген жаһандық техникалық ережелерді қабылдау және олардың қолданылуы туралы хабарламаларды, дауларды шешілуін көрсететін түзетулер енгізу қажет.
Келісім осындай заттармен және бөлшектермен көлік құралдарының конструкциясын, қалдық газдарды шығару жүйесін, шиналарды, қозғалтқыштарды, шуға қарсы экрандарды, айдап әкетуге қарсы дабыл жүйелерін, ескерту құрылғыларын және баланы ұстайтын жүйелерді белгілейді.
Келісімге қосылу Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін халықаралық талаптарға дейін жеткізуге және елімізде көлік құралдарына экологиялық талаптарды енгізуге ықпал ететін болады.
19 мемлекет осы Келісімге қатысушы болып табылады.