Елбасы өз сөзінде таяуда ғана Украинаға жұмыс сапарымен барғанын, бұл елде жауапсыз саясаткерлердің кінәсінен тұрақтылық бұзылғанын баса айтты.
«Біздер, қазақстандықтар үшін бұл - үлкен таңдау. Тек келісім, тұрақтылық жағдайында ғана біз қазіргі жетістіктерге қол жеткіздік. Олай болса, оны сақтай білейік. Әрбір қазақстандыққа: егер мұны шайқалтуға әрі бұзуға тырысатындар болса, онда біз оларға қазақстандық қоғамның барша қуатын аударуымыз қажет. Яғни, бастапқыда экономика, ал одан кейін саясат ұстанымы осы уақыт бойы жұмыс істеп келді, істей де беретін болады. Келісім болмаған жерде болашақ жоқ», - деді Елбасы.