Келіссөздер қорытындысы бойынша Иран және 3+3 ұстанымдары әзірге бір-бірінен алшақ екендігі айқын болды - К.Эштон

АЛМАТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Екі күн бойы біз осының алдында Алматы қаласында өткен келіссөздерде Иранға ұсынған сенім көрсету шаралары бойынша ұсыныстар бөлігіндегі мәселелері бойынша қарқынды және ұзақ талқылаулар жүргіздік.

Бүгін Алматыда ирандық ядролық келіссөздердің кезекті раундының қорытындылары бойынша Еуроодақтың жоғарғы төрағасы Кэтрин Эштон осылай мәлімдеді.

«Иранның және 3 3 ұстанымдарының әзірге бір-бірінен алшақ екендігі айқын болды, сондықтан делегаттар өздерінің астаналарына оралған бойдан бұдан әрі қалай әрекет жасау керектігін түсіну үшін қосымша бағалау жүргізулері қажет»,- деп қосты К.Эштон.
Өз сөзін қорытындылай келе, Еуроодақ өкілі Қазақстан Үкіметіне көрсетілген қонақжайлығы үшін алғыс білдірді.