«Ешкім Головкиннің қасынан тіпті жай ғана өткісі де келмейді, ал мен міне, камераға тіке қарап, Головкинмен егер біз салмақ туралы келіссек айқасқа түсетіндігімді айтып отырмын. Мен онымен рингке шығып, қолымнан не келетіндігін көрсетемін. Ол 160, ал мен 147, сондықтан бізге осы санның ортасында кездесу керек. Ал Головкинмен жұдырықтасуға тек жеңісті ойлап шығамын», - деп мәлімдеді Брук.
09:41, 25 Наурыз 2016
Келл Брук: «Головкинмен айқасамын және рингке жеңемін деген көңіл-күйде шығамын»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Келл Брук IFL TV-ға берген сұхбатында Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға шығуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобы.