Бұл К.Бруктың спорттағы алғашқы жеңіліс тапқан жекпе-жегі, деп хабарлайды gazeta.ru.
«Мен оған қарсы айла-тәсілдер қолдана алдым, тек соңына таяғанда тәлтіректеп қалдым. Мен оның атағынан ат үркетін чемпион екенін білемін, бірақ онымен тағы да кездесуге дайынмын», деп мәлімдеді Келл Брук.
Брук оң жақ қабағының зақымдануы жекпе-жекке кедергі келтірді деді: «Менің алдымда бірнеше Головкин елестеді».
Брук жанкүйерлерінен кешірім сұрады. «Көңілдеріңізді қалдырғаным өкінішті, бірақ мен (рингке) қайта ораламын!», деді ол.