Кеме апатқа ұшырап, 19 адам ажал құшты
08:18, 23 Наурыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат -Угандадағы Альберт көлінде болған кеме апатынан кем дегенде 19 адам мерт болып, 32-сі із-түзсіз жоғалды.
ИТАР-ТАСС-тың жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, кеме бортындағы 96 адамның басым бөлігі Конго азаматтары болған. Кеме капитаны қамауға алынды.