АСТАНА. ҚазАқпарат - Угандаданың батысындағы Альберт көлінің айдынында кеме аударылып, 19 адам суға батып кетті. Бұл туралы ел билігі хабарлады, деп жазады шетелдік БАҚ.
40-тан астам адамға көмек көрсетіліп, олар құтқарылды. Алдын ала мәлімет бойынша қайықта Конго Демократиялық Республикасының босқындары болған. Олар Угандадағы елді мекеннен өздерінің еліне қайтып келе жатқанда осы қайғылы оқиғаға ұшыраған. Аталған көл Конго мен Уганданың шекарасында орналасқан.
Таратылған мәліметке қарағанда, босқындар азық-түлік тапшылығынан ел аралап кеткен екен.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.