Кемелердің дайындығы тексерілді

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің аймақтық органдары жүргізген еліміздегі су көлігінің алдағы көктем және жазғы навигацияға дайындығын тексеру жұмысы аяқталды. Бүгінгі күнде Республикада 838 өзен кемесі тіркелген.

Тексеру барысында олардың ішінен 70 пайызы ғана пайдалануға жіберілуге дайын екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы, 2008 жылдың қазан мен 2009 жылдың наурыз айлары аралағындағы кемелердің қыс бойы тұрған мерзімі ішінде кеме иелері кемелердің техникалық құрылғыларының консервациялау, кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, керекті апаттық-құтқару және өртке қарсы құрылғыларымен қамтамасыз ету сияқты арнайы ұйымдастыру шараларын өткізген болатын. Кеме иелері навигацияаралық мерзімде кемелерге техникалық қызмет етуді толығымен атқарып, кемелерді жарамды күйде ұстауға, техникалық жағдайын бақылауға, ақауларды анықтап жөндеуге, жарамсыз және тозған бөлшектер мен бунақтарды ауыстыруға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, көліктік бақылау инспекциясы мамандары жоспарланған 1400 кеме тексерулері барысында бірқатар ереже бұзушылықтары анықтады. Оның ішінде, қысқы тұру мерзімінде кемелерді жөндеу ережелерінің, өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарының, кемелерді қысқы мерзімге қоюдағы кеме арасындағы қашықтық нормаларының сақталмауы, ескертпе белгілері мен бағдарлардың болмауы және өртке қарсы пайдаланылатын құбырлар мен кемелерге кіреберіс жолдарының жабық болуы сияқты кемшіліктер анықталды. Жоғарыда көрсетілген себептердің барлығы қысқы тұру мерзімінде кемелердің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Анықталған ереже бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 17 нұсқама хаттары беріліп, 10 кеме иелері әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, осы жылдың наурыз айында көліктік бақылау инспекциялары Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысы бойынша, Астана қаласының төтенше жағдай департаментімен, Шығыс Қазақстан облысындағы өрт қауіпсіздігі қызметінің өкілдерімен және өзен кемелерінің иелерімен бірлесіп қысқы тұру мерзіміндегі кемелерді шұғыл өрт сөндіруді оқыту шараларын өткізді. Навигацияның ашылуымен кейбір аймақтарда бүкіл өзен көлігі бойынша «Өзендік патруль» атты шұғыл-профилактикалық акция басталды. Негізгі мақсаты ? ішкі су жолдарындағы кемелердің пайдалануға дайындығын анықтау болып табылады.