ІІМ өкілінің хабарлауынша, екі жолаушы мен ұшқыш қаза тапқан.
Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ әуеге көтерілген сәтте су өлшейтін тросты іліп кеткен. Екінші бір дерекке қарағанда, ол ағашқа ілініп, жартасқа соғылған.
Прокуратура тергеу алдындағы тексеру жұмыстарына кірісті.