деп хабарлайды РБК агенттігі.
Метанның бірінші жарылысы сенбі, мамырдың 8-і күні кешке орын алған. Оқиға кезінде жер астында 350-ден астам адам болған.
Ал екінші жарылысы мамырдың 9-ы күні мәскеу уақыты бойынша сағат 01.25-те, құтқару операциялары кезінде болды. Шахтаны көк түтін басқандықтан, адамдарды іздестіру және құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда жердің астында 64 шахтер және 20 құтқарушы қалып отыр.
Апат орнында облыс губернаторы Аман Төлеевтің басшылығымен арнайы штаб жұмысы ұйымдастырылды.
Ресей Президенті Дмитрий Меведев шахтерларды құтқаруға барлық қажетті күшті жұмылдыруға тапсырма берді.