Кемеровода жаздың алғашқы күндері қар жауды

Фото: None
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Кемеровода қар жауды, деп хабарлайды «Ресей жаңалықтары» ақпараттық агенттігі.

«Жоғары жақта температура минус алты-жеті градус. Жерде температура таңертеңгі плюс үш градус шамасында болды. Сондықтан қар жауды», - деп түсіндіреді синоптиктер.

Гидрометеорология мамандары маусым айында бұл өңірде қар жауғанын алғаш рет көріп отырғандарын айтуда.