Кемероводағы өртке қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кемеровоның «Зимняя вишня» сауда орталығында болған жан түршігерлік өрт қысқа тұйықталудың салдарынан тұтанған болуы мүмкін. Бұл жайлы ТАСС хабарлайды.

«Біздің пікірімізше, жарықшамның тоқ өткізгіш бөліктеріне артық күш түскен. Дәл неліктен екенін білмейміз, бірақ апаттың басы сол жерден басталған. Түпкілікті себеп жарықшамда болуы мүмкін», - дейді Ресейдің ТЖМ өртті қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Ринат Енекеев.

Ол өрттің нақты себептерін жүргізіліп жатқан сараптамалардың қорытындысы бойынша арнайы жасақталған комиссия анықтайтынын айтты.

Еске сала кетейік, Ресейдің Кемерово қаласындағы алапат өрт 64 адамның өмірін қиған болатын, соның 41-і балалар еді.

Соңғы жаңалықтар