«Барлығы 84 адам зардап шегіп, соның ішінде 37 адам, өкінішке орай, қаза тапты. Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді ол жедел кеңесте.
В.Аксенов 64 адамның із-түзсіз жоғалғандығын атап өтті.
Сондай-ақ, ол жанып жатқан ғимараттың опырылу қаупі барын хабарлады.
«Қабатаралық жабындар шөгіп жатыр, олар опырылуы мүмкін», - деді ол жедел кеңесте.
Бұдан бұрын «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрттен 37 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Тағы 43 адам зардап шеккен.
Өрт сауда үйінің соңғы 4-қабатынан шыққан. Ғимараттан 20 адам құтқарылды, тағы 100 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Соңғы мәлімет бойынша, тілсіз жау ауыздықталған. Өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған.