деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Кузбастың Заводской ауданында болған. Жеке меншік тұрғын үйде газ баллоны жарылған. Соның салдарынан бес адам мерт болды - олардың үшеуі балалар.
Тағы үш адам - олардың екеуі балалар - күйікпен ауруханаға жатқызылды. Жарылыс салдарын жоюға 64 адам жұмылдырылды.
Орын алған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді облыс губернаторы Аман Төлеев өзінің жеке бақылауына алды.