«Кең дала 2» бағдарламасы 1 қазанда басталады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен қаржы институттарының алдына көктемгі егіс жұмыстарын уақытында қолға алу туралы міндет қойған болатын. Осы тапсырманы жүзеге асыру және қолдау шараларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар аясында биыл «Кең дала 2» бағдарламасына өтінім қабылдау 2025 жылғы 1 қазаннан басталады.

Фото: ҚР АШМ