Кеңес Одағы Батырларының есімдерімен аталған көшелердің белгілерінде қызыл жұлдыздар жанды - Павлодар
07:38, 06 Сәуір 2012
ПАВЛОДАР. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Жеңіс күнінің қарсаңында Павлодарда Кеңес Одағы Батырларының есімдерімен аталған көшелерде қызыл жұлдыздары бар екі тілде жазылған мекендік тақташалар орнатылды,
деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Павлодарлықтар, әсіресе жастар ел бостандығы үшін батыл күрескен адамдардың есімдерін білуі тиіс. Отанның атақты ұлдарының есімі ұрпақтар жадында мәңгі сақталады», - деп есептейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Клавдия Арынғазина.
«Қалада Жеңіс күнінің мерейтойына қызу дайындық жүріп жатыр. Біз әрбір отбасы үшін қымбат және жақын бұл мерейтойды атап өтуге жаңашылдық енгізуге тырысып отырмыз», - деп атап өтті ішкі саясат бөлімінің бастығы Әділ Хайыргелдинов.