Оны қордың Директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Аманов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Қазіргі таңда зейнетақы жинақтау қорының 10 акционері бар. Олардың арасында ірі қатысушы акционер жоқ. Енді К. Рақышев ірі қатысушы мәртебесін алу үдерісінде», - дейді Д. Аманов. Оның айтуынша, «SAT & Company» АҚ-ның қожайыны саналатын отандық экономикадағы ірі инвестор Кеңес Рақышевтің «Республика» ЗЖҚ-ның акционерлерінің құрамына қосылуын кездейсоқтық деуге болмайды. Белсенді түрде дамып келе жатқан қордың операциялық және инвестициялық қызметі жоғары деңгейде болды. Таза инвестициялық қоржыныны да таңдау жасауға өз ықпалын тигізген. Акционер өз шешімін қаржы тобын құру мақсатында жасаған. Енді банк секторына да кірмекші.