Кеңгір және Айнакөл су қоймасы жағалауында маса улау жұмысы жүрді

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Ұлытау облысында 13,5 гектар аумақта масаға қарсы өңдеу жұмысы жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Маса – экожүйенің ажырамас бөлігі. Олар бүкіл әлемде тараған. Маса көбіне судың маңына жиналады.

Бұл - олардың сүйікті тіршілік ету ортасы. Маса жағымсыз ызыңынан басқа, адамдарға айтарлықтай қауіп төндіреді.

Олар қауіпті вирустар мен инфекциялардың әртүрлі қоздырғыштарын тасымалдайды.

Масаның шағуы өте ауыр вирустық ауруларды (энцефалит, безгек, қызба), тіпті эпидемияның таралу жолындағы алғашқы қадамды тудыруы мүмкін.

Бұған жол бермеу үшін жыл сайын Ұлытау облысында маса көп жиналатын жерлер кәсіби өңделеді.

2023 жылдың маусым айында су айдындарының анофелогенді аймақтарын дезинсекциялық өңдеудің бірінші кезеңі өтті, 13,5 га өңделді.

Бұл - Кеңгір су қоймасы, Қостангелді кенті (Комбинатский), Бекболатсай кенті (Рыбачий), Сәтбаев қаласы «Айнакөл» су қоймасы.

Бағалау қорытындысы бойынша өңдеудің тиімділігі - 98,6%.

Су қоймасын масадан өңдеу не үшін қажет:

- қауіпті вирустық ауруларды жұқтыру ықтималдығын азайту: округте қан соратын жәндіктер неғұрлым аз болса, олардың шағу қаупі және жұқтыру ықтималдығы соғұрлым төмен болады;

- санитариялық-гигиеналық жағдайды жақсарту;

- жәндіктерді жою кезінде қолданылатын препараттар мен заттар кеңістікті дезинфекциялауға да ықпал етеді, өйткені олар жерді зиянкестерден ғана емес, сонымен қатар қауіпті вирустар мен микроорганизмдерден де арылтады;

- масалардың ұзақ уақытқа айтарлықтай азаюы, себебі дезинсекция кезінде олардың үлкені ғана емес, сонымен бірге олар салған жұмыртқалар мен дернәсілдер де жойылады.