Елге тек сол жақтан келетін өз елінің азаматтары мен медицина қызметкерлері ғана жіберілетін болады.
BBC-дің хабарлауынша, Kenyan Airways әуе компаниясы аталған күннен бастап сол елдерге рейстерін тоқтатады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының мәліметінше, Кения қазіргі кезде ең қауіпті аймақ ошағында қалып отыр. Өйткені Найроби әуежайы Африкадағы ең ірі жолайырық болып есептеледі.
Айта кетейік, қазіргі эпидемия - тарихтағы ең қасіретті эпидемия болып отыр. Гвинеяда ақпан айында басталған жұқпалы ауру қазір Либерия, Сьерра-Леоне және Нигерия сияқты елдерге де таралып кетті. 6 ай ішінде 2127 адам осы ауруға шалдығып, оның 1145-і қаза тапты. Тек 12-13 тамызда ғана 76 адамның қазасы тіркелді.