Сауда орталығындағы қырғынға жауапкершілікті сомалилік исламшыл «Әл-Шабаб» тобы өз мойнына алды. Топтың өкілі Би-Би-Си -ге Кения астанасындағы Westgate сауда орталығына шабуыл кениялық әскерилердің Сомалидағы соғыс қимылдарына қатысуына жауап екенін хабарлады.
«Әл-Шабаб» сондай-ақ содырлар топтары сауда үйін басып алғаннан кейін жеті сағаттан соң ғимаратта үкіметтік күштерге қарсылық көрсетіп жатқанын мәлім етті.